locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бокс секілді. Беллингем «Реалдың» жеңілісінен кейін қасы жарылып қалды

Ағылшын футболшысы «Сельтаға» қарсы матчта боксшыға ұқсап қалды
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Бокс секілді. Беллингем «Реалдың» жеңілісінен кейін қасы жарылып қалды
ФОТО: Getty Images

Жетінші желтоқсаннан сегізіне қараған түні мадридтік «Реал» өз алаңында күтпеген жерден «Сельтадан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл Испания Ла Лигасының 15-турындағы ойында галисиялық команданың сапында Виллиот Сведберг дубль авторы атанды. Оның алғашқы голы мадридтіктердің қақпасына өкшесімен салынды.

Сондай-ақ «бланкос» сапында Фран Гарсия мен Альваро Каррерас қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайда қалдырды.

Ойын барысында, бір эпизодта, нағыз боксшыларша, «Реалдың» көшбасшысы Джуд Беллингемнің қасы жарылып кетті.

Getty Images

Getty Images

Осы матчтан кейін мадридтік «Реал» 36 ұпаймен Ла Лигада екінші орында тұр. Ал «Сельта» 19 ұпаймен әзірге оныншы сатыда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie