Пенальти қаһарманы Анарбеков матчтың үздік ойыншысы атанбады. Ең жоғары бағаны кім алды?
Футбол матчтарының статистикалық қорытындыларын жариялайтын Flashscore порталы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» арасындағы жауапты кездесуден кейін ойыншыларға қойылған бағаларды жариялады.
Алаң иелері сапында ең жоғары ұпайды қорғаушы Егор Сорокин иеленді - 8,1 балл. Ал ең төмен баға шабуылшы Рикардиньоға бұйырды - небәрі 6,5 ұпай.
Қызығы, кештің басты қаһарманы — үш пенальти соққысын қайтарған қақпашы Темірлан Анарбеков бар болғаны 7,5 балл алды. Бұл жағдай жанкүйерлер арасында сұрақ тудырды.
«Селтик» сапында үздік нәтиже көрсеткен капитан Каллум Макгрегор болды (7,8), ал ең төмен баға жартылай қорғаушы Ян Хён-дзюнға қойылды (5,7).
Негізгі және қосымша уақыт тең аяқталды (0:0), ал тағдырды пенальти сериясы шешті. Онда «Қайрат» мықтылығын көрсетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті және Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Сондай-ақ «Қайрат» Чемпиондар лигасы тарихындағы ең шығыста орналасқан клуб атанды.