«Ордабасы», «Қайрат» және «Ақтөбе» матчтары: қайдан көруге болады
«Каспий» ҚПЛ-дің алтыншы турынан кейінге шегерілген матчында «Қайратпен» кездеседі
фото: ФК "Кайрат"
Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасында бес матч өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Чемпионаттың 25-турында төрт кездесу жоспарланған. Сағат 16:00-де «Оқжетпес» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдайды. 18:00-де «Жетісу» – «Ертіс» және «Ақтөбе» – «Жеңіс» матчтары басталады. Ал 19:00-де «Қызылжар» «Атыраумен» кездеседі.
Сонымен қатар бүгін ҚПЛ-дің алтыншы турында кейінге шегерілген матч өтеді. Сағат 17:00-де «Каспий» «Қайратпен» ойнайды.
Матчтардың тікелей трансляцияларын Qazsport және SPORT+ телеарналарынан, сондай-ақ KFF League YouTube арнасынан көруге болады.