«Барыс» ҚХЛ-да «Локомотивке» қарсы матчқа құрамын жариялады
Астаналық «Барыс» 20 қыркүйекте сырт алаңдағы серия аясындағы үшінші матчын өткізеді. Қазақстандық команданың қарсыласы — Батыс конференциясының көшбасшысы ярославльдік «Локомотив». Бұл ойынға Михаил Кравецтің таңдауы белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Барыс» бас бапкері сырт алаңдағы серияның үшінші матчына мына құрамды таңдады:
- Қақпашылар: Шутов, Шепард
- 1-буын: Масси, Дэй, Бэйли, Морелли, Пилон
- 2-буын: Маккошен, Данияр, Томпсон, Қайыржан, Өмірбеков
- 3-буын: Приски, Диханбек, Логвин, Ляпунов, Симонов
- 4-буын: Бритиков, Панюков, Шестаков, Шайхмедденов
Ярославльдегі бастапқы сирена Астана уақытымен 19:00-де соғылады. Бұл ойынды қайдан көруге болатыны белгілі.
Еске сала кетейік, «Локомотив» матчқа бірде-бір жеңіліссіз келеді. Ярославльдік команда биылғы маусымда тек бір рет — «Северстальға» қарсы ойында — ұпай жоғалтты. Алайда сол матчта да олар овертаймда жеңіске жетті.
Ал «Барыстың» биылғы маусымдағы ойындары тартысты өтіп жатыр: астаналықтар үш рет жеңіп, екі рет жеңілген барлық бес матч негізгі үш кезеңнен кейін аяқталды.