Томас Мюллер 20 жылдық некеден кейін сұлу жарымен айырылысты
Германиядан күтпеген, таңғаларлық жаңалық келді: Еуропа футболындағы ең берік әрі үлгілі жұптардың бірі айырылысты, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
The Touchline дерегінше, «Бавария» мен Германия құрамасының жұлдызды бұрынғы шабуылшысы Томас Мюллер мен оның жары Лиза Мюллер енді бірге емес — олардың көпжылдық некесі ресми түрде аяқталды.

Бұл жаңалық футбол жанкүйерлері мен қауымдастығы үшін аспаннан жай түскендей болды. Жұп Мюллердің мансабының басында, 2007 жылы таныса бастаған.
Томас пен Лиза жиырма жылға жуық бірге болды, көпшілік оларды тұрақтылық пен отбасы құндылықтарының үлгісі деп санайтын, олар үнемі БАҚ назарында жүрді.

Мюллер «Бавария» сапында 18 жылда 36 трофей жеңіп алды. Атақты шабуылшы канадалық «Ванкуверде» ойнап, Канада чемпионаты мен MLS Батыс конференциясында топ жарды.
Германия құрамасында тәжірибелі форвард әлем чемпионатының «алтын» және «қола» жүлдесін, сондай-ақ екі рет Еуропа чемпионатының «қоласын» иеленді.

