locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Олимпиакостың» негізгі қорғаушысы қатардан шығып қалды. «Қайратқа» мүмкіндік туды ма?

«Олимпиакос» капитаны Астанаға келе алмайды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Олимпиакостың» негізгі қорғаушысы қатардан шығып қалды. «Қайратқа» мүмкіндік туды ма?
ФОТО: Getty images

Қазақстанға жасағалы отырған сапардың алдында пирейлік клуб ауыр соққы алды. Грекия басылымдарының хабарлауынша, «Олимпиакос» капитаны Панайотис Рецос алдағы ЧЛ-ның жалпы кезеңіндегі алтыншы турдың матчында алматылық «Қайратқа» қарсы ойынға қатыса алмайды.

30 қараша күні «Панетоликоспен» өткен кездесудің бірінші таймының соңында қорғаушы жамбас бұлшықетінің тартылуынан жарақат алды. Медициналық тексеріс нәтижесі футболшыда бұлшықет жыртылуы бар екенін растады. Осы себепті Рецос бірнеше ойын қатарынан «Олимпиакосқа» көмектесе алмайды, оның ішінде Астанаға жасалатын маңызды сапар да бар.

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчы 9 желтоқсанда Астана Аренада өтеді.

Еске салсақ, бесінші турда алматылық команда Копенгагенде жанкешті ойын көрсетіп, алайда дат клубына 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie