Ойын соңындағы драма: қызыл қағаз және пенальтиден соғылған гол «Елімайды» жеңілістен құтқарды
Футбол
30 нау 2025
11:10

Асылхан Тоқсанбек
Редактор

ФОТО: FC TOBOL
30 наурыз күні Қостанайда өткен матчта жергілікті «Тобыл» мен семейлік «Елімай» тең нәтиже көрсетті – 1:1.
Ойынның алғашқы жартысында алаң иелері Николай Сигневичтің голының арқасында алға шықты. Алайда матч соңында Иван Младенович айып алаңында ереже бұзып, қызыл қағаз алды. Эдуард Флореску пенальтиден дәл соққы жасап, «Елімайға» бір ұпай әкелді.
Үш турдан кейін «Тобыл» бес ұпаймен төртінші орында, ал «Елімай» төрт ұпай жинап, бесінші сатыда тұр.
Келесі турда қостанайлықтар сырт алаңда «Оқжетпеске» қарсы ойнайды, ал семейліктер өз алаңында «Ұлытауды» қабылдайды.
ҚПЛ. 3 тур. 30 наурыз
«Тобыл» — «Елімай» 1:1
Голдар: Сигневич, 34 — Флореску, 88 (пенальти).

Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек