locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асхат Тағыберген «Тобыл» сапындағы дебюттік ойынынан кейін пікір білдірді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Асхат Тағыберген «Тобыл» сапындағы дебюттік ойынынан кейін пікір білдірді
ФОТО: transfermarkt

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген «Тобыл» сапындағы «Елімайға» (1:1) қарсы дебюттік ойынынан кейін өз ойын айтты, деп хабарлайды Қазақстан Премьер-лигасының баспасөз қызметі.

«Қостанайға келгеніме өте қуаныштымын. Мен мұнда екі тамаша маусым өткіздім. «Елімай» оңай шағылар жаңғақ емес. Жақсы команда екенін көрсетті. Енді бірінші ойын болғандықтан командаға үйренісіп, сыйысып келіп жатырмыз. Футбол жеңістен де, жеңілістен де тұрады. Құдай қаласа маусымның аяғында жақсы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз», - деді Тағыбернген.

Футболшы «Ордабасыдан» Шымкент әкімімен жанжалдан кейін және оның жалақысы туралы қауесеттерден кейін «Тобыл» сапына көшкен болатын.

Чемпионаттың үшінші турында қостанайлық клуб «Елімаймен» 1:1 есебімен тең түсті. Кездесудің 55-минутында Александр Зуевті алмастырып, Асхат Тағыберген алаңға шықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie