Қостанайдағы дау. «Тобыл» «Елімаймен» өткен матчтан кейін төрешілікке наразы


ҚПЛ-дің 3-турындағы «Тобыл» мен «Елімай» арасындағы кездесу тек 1:1 есебімен ғана емес, жанжалмен де аяқталды. Костанайлықтар ойында тқрелік еткен бас төреші Бекбол Сұлтанғалиевтің шешімдері нәтижеге тікелей әсер етті деп санайды.
«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының мәліметінше, басты дау тудырған эпизод - 90+2 минутта белгіленген пенальти. Дәл осы сәтте румын ойыншысы Эдуард Флореску есепті теңестіріп, қонақтарды жеңілістен құтқарып қалды. Алайда «Тобыл» тек бұл сәтке ғана емес, ойын барысында болған бірнеше даулы шешімге назар аудартып отыр. Клуб төрешінің жұмысына байланысты бейнежазбаны дайындап, төрешілер комитетіне жолдауы мүмкін.
Матчтың басы костанайлықтар үшін сәтті басталды. 9-минутта Николай Сигневич есеп ашты. Бірақ ойын соңында бәрі өзгерді: 89-минутта қорғаушы Иван Миладинович қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды. Ал бірнеше минуттан кейін төреші қонақтар пайдасына пенальти белгілеп, «Елімай» бір ұпай алып кетті. Нәтиже - 1:1. Бірақ «Тобыл» үшін бұл жай ғана тең ойын емес. Костанайда төрешілікке қатысты ашық наразылық бар және клуб бұл мәселенің жабулы қалмағанын қалайды.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19