Қазақстан Премьер-Лигасы: 30 наурыздағы матчтар кестесі және қайдан көруге болады


Бүгін, 30 наурызда, Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші туры аясында бес бірдей кездесу өтеді.
Футбол жанкүйерлерін тартысты ойындарға толы қызықты күн күтіп тұр.
Алғашқы болып «Атырау» мен «Ақтөбе» алаңға шығады – олардың ойыны 15:00-де басталады. Одан кейін, 16:00-де, «Ұлытау» – «Жеңіс» және «Астана» – «Жетісу» матчтары өтеді. 17:00-де «Ордабасы» мен «Қызылжар» командалары өзара күш сынасады. Күннің соңғы ойыны «Тобыл» мен «Елімай» арасында өтіп, 18:00-де басталады.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерінSports24.kzTelegram-арнасында live режимде көруге болады!
Барлық матчтарды тікелей эфирде SPORT+ және Qazsport телеарналарынан, сондай-ақ KFF League YouTube-арнасынан тамашалауға болады.
15:00 «Атырау» — «Актөбе» (LIVE)
16:00 «Ұлытау» — «Жеңіс» (LIVE)
16:00 «Астана» — «Жетісу» (LIVE)
17:00 «Ордабасы» — «Қызылжар» (LIVE)
18:00 «Тобол» — «Елімай» (LIVE)