locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Небәрі 28 ұпай: «Алтын доп» үшін дауыс беруде Кейн, Мбаппе және Ямаль қанша ұпай жинағаны белгілі болды

France Football журналы 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына дауыс берудің толық нәтижесін жариялады
Футбол
Небәрі 28 ұпай: «Алтын доп» үшін дауыс беруде Кейн, Мбаппе және Ямаль қанша ұпай жинағаны белгілі болды
ФОТО: Getty images

30 қазанда 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына дауыс берудің қорытындысы белгілі болды. Биыл мәртебелі марапатқа Мюнхеннің «Бавария» клубы мен Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ағылшын футболшысы 1055 ұпай жинап, ең жақын қарсыласы, мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппеден небәрі 28 ұпайға озып кеткен. Франциялық ойыншы 1027 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, «Алтын доп» үшін дауыс берудегі мансабындағы ең жоғары нәтижесіне қол жеткізді.

Үздік үштікті «Барселонаның» 19 жастағы вингері Ламин Ямаль түйіндеді. Испаниялық футболшы 881 ұпай еншілеп, Мбаппеден 146, ал Кейннен 174 ұпайға қалып қойды.

Бір қызығы, дауыс беруге қатысқан 100 журналистің 40-ы бірінші орынға Харри Кейнді қойған. Ал 23 БАҚ өкілі Килиан Мбаппені үздік деп таныса, 13 журналист Ламин Ямальға ең жоғары ұпай берген.

Осылайша, жеңімпаз бен екінші орын иегерінің арасын небәрі 28 ұпай бөліп тұр. Бұл – «Алтын доп» сыйлығының 70 жылдық тарихындағы ең аз ұпай айырмашылығы тіркелген төртінші жағдай.

2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына дауыс беру қорытындысы бойынша үздік ондық:

1. Харри Кейн («Бавария») – 1055 ұпай
2. Килиан Мбаппе («Реал») – 1027 ұпай
3. Ламин Ямаль («Барселона») – 881 ұпай
4. Родри («Барселона») – 726 ұпай
5. Лионель Месси («Интер Майами») – 612 ұпай
6. Хвича Кварацхелия («ПСЖ») – 541 ұпай
7. Усман Дембеле («ПСЖ») – 418 ұпай
8. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») – 378 ұпай
9. Майкл Олисе («Бавария») – 296 ұпай
10. Фабиан Руис («ПСЖ») – 201 ұпай

Еске салайық, «Алтын доп» сыйлығын табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтті. 33 жастағы Харри Кейн бұл марапатты мансабында алғаш рет жеңіп алды.

Сондай-ақ ол ағылшын футболшыларының 25 жылға созылған үзілісіне нүкте қойды. Бұған дейін Англия өкілдерінің арасынан «Алтын допты» соңғы рет 2001 жылы Майкл Оуэн иеленген болатын.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie