Месси мансабының болашағы туралы: \"Қазіргі сәтпен өмір сүріп, ойынды тамашалаймын\"
"Интер Майами" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футболдағы болашағына қатысты ойларымен бөлісті.
- "Қазір өзімді тамаша сезінемін және әр сәттен ләззат аламын – ойынды, командаластармен қарым-қатынасты, отбасыммен және достарыммен өткізген уақытты бағалаймын. Болашаққа ұзақ мерзімді жоспар құрмаймын, тек қазіргі сәтпен өмір сүремін", – деп келтіреді журналист Фабрицио Романо Мессидің сөзін.
Бұған дейін БАҚ-та аргентиналық футболшының МЛС маусымы аяқталғаннан кейін "Барселонаға" жалға берілуі мүмкін екені туралы қауесеттер тараған еді.
Айта кетейік, Месси "Интер Майами" клубына 2023 жылы қосылды. Америкалық клубпен келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін жасалған.
Сондай-ақ оқыңыз: АНТОНИ: "Мен Салахтың орнын басуым мүмкін еді, бірақ Манчестер Юнайтедті таңдадым"