locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Менде «тыртық» бар: Алонсо «Реалда» жұмыс істеу туралы ашық айтты

Испаниялық маман «корольдік клубтан» Суперкубок финалында «Барселонадан» жеңілген соң, қаңтарда қызметінен кеткен еді
ФОТО: Getty Images

«Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо «Реалдан» кеткені жайлы пікірін білдіріп, лондондық клубтағы жұмысының алдында қандай көңіл-күйде екенін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еске салайық – маман қаңтар айында Испания Суперкубогының финалында «Барселонадан» ұтылған соң, «корольдік клубтан» қызметінен кеткен еді.

Сиднейде өткен «көктердің» маусым алдындағы жиынында 44 жастағы бапкер Мадридтен кеткені — мансабындағы сирек теріс оқиға болғанын ашық мойындады:

«Бақытымызға орай, мансабымда «тыртықтар» көп емес. Сондықтан, иә, менде бір «тыртық» бар, бірақ ол жазылып келеді. Қазір ол жазылды, мен келесі кезеңге өте ынталы әрі қайраттымын, дәл Мадридте бастағандағыдай. Артқа қарап, оң сәттерді және не іске аспағанын саралаймын. Өте сыншыл болып, өзімді қай жерде жақсарта алатынымды ойладым, себебі барлығы күткендей болмады. Жағымды жақтарын айтсам, мол тәжірибе жинадым, бейімделуіме тура келді, кейбір нәрселер іске асты, кейбірі — жоқ, ойын мен команданы басқару тұрғысынан», – дейді Алонсоның сөзін ESPN келтіреді.

Оның айтуынша, «Челсидегі» жұмысында үлкен мүмкіндік бар.

«Мен бұл «Челси» үшін де, өзім үшін де ең дұрыс уақыт екенін түсіндім, жақсы мүмкіндік деп санаймын. Бұл команда соңғы уақытта жақсы ойнады, әрі жағдай көптің ойлағанындай нашар болмады. Жақсартуға зор мүмкіндік бар, енді қанша уақыт қажет болатынын көреміз», – деді ол.

Бұған дейін Сатпаевтың «Тоттенхэмге» қарсы матчтағы бағасы белгілі болған еді.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie