Сәтпаевті «Челсидің» негізгі құрамындағы орын үшін қандай сынақ күтіп тұрғаны белгілі болды
Лондондық «Челси» Еуропаның топ-клубтары арасындағы ең мықты шабуыл шебіне ие командалардың бірі саналады. 2026/27 жылғы маусым қарсаңында Хаби Алонсоның қарамағында шабуылдағы төрт позицияда ойнай алатын 17 футболшы бар, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ең үлкен бәсеке сол жақ қанат пен орталық шабуылшы позицияларында күтілуде. Дәл осы орындарда өзін жақсы қырынан көрсете алатын 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев негізгі құрам үшін Педру Нету, Жеовани Кенда, Байну-Гиттенс, Михаил Мудрик, Николас Джексон, Лиам Делап, Дарио Эмега, Дэнни Уэлбек және өзге де ойыншылармен таласады.
Қатаң бәсекеге қарамастан, Сәтпаев бапкерлер штабының назарын өзіне аударып үлгерді. «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы маусым алдындағы алғашқы жолдастық кездесуде қазақстандық футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, гол соқты әрі нәтижелі шабуылға үлес қосты. Кездесу «Челсидің» 6:4 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
«Тоттенхэмге» қарсы екінші бақылау матчында Сәтпаев үзілістен кейін ойынға қосылды.
«Челси» келесі жолдастық кездесуін 5 тамызда Туриннің «Ювентусына» қарсы өткізеді. Бұл матч Сәтпаев үшін жаңа маусым басталар алдында негізгі құрамдағы орнына таласуда өзін тағы бір мәрте дәлелдеуге жақсы мүмкіндік болмақ.
