«Барселонаның» аңызы тер Штегенді жаңа клуб ресми түрде жалға алды
Амстердамдық «Аякс» каталондық «Барселона» сапында ойнаған неміс қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннің ауысқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қақпашы нидерландтық клубқа осы маусымның соңына дейін жалға қосылды.
Тер Штеген «Барселонаға» 2014 жылдың жазында менхенгладбахтық «Боруссиядан» ауысты. Каталондықтар сапында қақпашы жеті мәрте Испания чемпионы, алты рет ел кубогының иегері, төрт мәрте Суперкубок жеңімпазы, сондай-ақ Чемпиондар лигасының, УЕФА Суперкубогының және клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Германия құрамасының қақпашысы ретінде тер Штеген 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері болды.
Өткен маусымда «Аякс» Эредивизионда бесінші орынға тұрақтады. Нидерланды кубогында команда 1/8 финалға дейін жетті, ал УЕФА Чемпиондар лигасында топтық кезеңнен аса алмады. Жаңа маусымда «Аякс» Конференциялар лигасында өнер көрсетеді.