locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппе Мессидің жетістігін қайталап, «Алтын бутса» үшін жарыста бірінші орынды иеленді

Килиан Мбаппе Виктор Дьекерешті басып озып, «Алтын бутса» жарысында көш бастады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Мбаппе Мессидің жетістігін қайталап, «Алтын бутса» үшін жарыста бірінші орынды иеленді
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Ла Лигадағы «Реал Сосьедадқа» қарсы соңғы ойында (2:0) екі гол соғып, «Алтын бутса» үшін жарыста көш бастады.

Матч алдында Мбаппе «Спортинг» шабуылшысы Виктор Дьекерештен жарты ұпайға қалып келген еді. Матчтың 38-минутында Килиан шведтен озып кетуге тамаша мүмкіндік алды – «Сосьедад» қақпасына пенальти белгіленді. Француз ойыншысы 11 метрлік допты сала алмағанымен, бірақ қайтқан допқа бірінші жетіп, есеп ашты. Кездесу соңында ол екінші голмен жеңісті қамтамасыз етті.

Мбаппе сонымен қатар Мессиден кейін Испания Примерасында 30 гол көрсеткішін бұзған алғашқы ойыншы болды. Ол Роберт Левандовскийден алты гол озып тұр.

«Ливерпульдің» вингері Мұхамед Салахтың да «Алтын бутса» жүлдесін жеңіп алу мүмкіндігі бар – французбен тең түсу үшін оған «Кристал Пэласқа» қарсы ойында хет-трик керек, ал басып озу үшін покер жасауы керек.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie