Дьокерешті басып оза ала ма? Салах пен Мбаппенің «Алтын бутсаны» жұлып алуға соңғы мүмкіндіктері қалды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Еуропалық «Алтын бутса» жүлдесінің басты фавориттерінің бірі, «Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах Ағылшын Премьер-лигасында «Брайтонға» қарсы өткен маусымдағы соңғы ойында (2:3) гол соға алмады.
Қазіргі уақытта мысырлықтың еншісінде 56 ұпай – екі ұпайдан саналатын 28 гол. Ол «Реал» Мадрид шабуылшысы Килиан Мбаппеден екі ұпайға және «Спортинг» ойыншысы Виктор Дьокерештен екі жарым ұпайға қалып келеді.
Көшбасшы Дьокерес үшін маусым аяқталды, бірақ Мбаппе мен Салах оны соңғы сәтте басып озуы мүмкін. «Реал» 24 мамырда «Реал Сосьедадпен» ойнаса, 25-інде «Ливерпуль» «Кристал Пэласпен» кездеседі.