Маусым финалына төреші тағайындалды. Чемпиондық тартысты италиялық қазы басқарады
«Қайрат» пен «Астана» арасындағы чемпиондық айқасты кім төрелік ететіні белгілі болды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Маттео Маркетти.
26 қазанда Алматыда өтетін маусымның шешуші ойынына Италиядан төрешілер бригадасы тағайындалды. Ел чемпионы анықталатын бұл кездесуде басты төреші қызметін Маттео Маркетти атқарады. Оған көмекші болып Валерио Колоросси мен Кристиан Росси жәрдемдеседі. Ал бейнеқайталау жүйесіне (VAR) жауапты маман - Давиде Герзини.
«Қайрат» пен «Астана» арасындағы тартыс Қазақстан Премьер-лигасының басты оқиғасына айналмақ. Бұл - нағыз чемпиондық айқас. Қазіргі таңда алматылықтар 58 ұпаймен көш басында болса, олардың басты қарсыласы «Астана» 56 ұпаймен екінші орында келеді.
Маусымның тағдырын шешетін кездесу 26 қазанда «Орталық» стадионында өтеді.