locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Матеус БАРБОЗА: \"Маусымды жеңіспен бастағаныма қуаныштымын\"

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Матеус БАРБОЗА: Маусымды жеңіспен бастағаныма қуаныштымын
ФОТО: Getty Images

Бразилиялық қорғаушы "Атырау" ойыншысы Матеус Барбоза "Елімайға" қарсы өткен Қазақстан Премьер-Лигасы (ҚПЛ)-2025 бірінші турындағы жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті. Кездесу алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды, ал Барбоза 54-минутта жеңіс голын соқты.

"Маусымды жеңіспен бастағанымызға және қалаған нәтижеге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымын. Бүкіл команда, соның ішінде бапкерлік штаб пен қызметкерлер, чемпионаттың басталуына жақсы дайындалу үшін үлкен жұмыс атқарды. Бірінші ойын оңай болған жоқ, себебі бізге мықты қарсылас қарсы тұрды. Өз алаңымызда жанкүйерлердің көз алдында алғашқы голымды соққаныма өте қуаныштымын. Қиын ауа райына қарамастан бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін маусым бойы өте маңызды", - деп атап өтті Барбоза клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

ҚПЛ-2025 екінші турында "Атырау" Көкшетауға сапар шегіп, 8 наурызда "Оқжетпеспен" кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз: Яковлев пен Бекмұхамбетова – Hopes Week & Challenge Қазақстан кезеңінің жеңімпаздары

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie