locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Юнайтед» 10 жылдан кейін алғаш рет еурокубоктардан тыс қалды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Манчестер Юнайтед» 10 жылдан кейін алғаш рет еурокубоктардан тыс қалды
ФОТО: Getty images

Ағылшын және еуропалық футболдың ең атақты клубтарының бірі саналатын «Манчестер Юнайтед» өз тарихындағы ең ауыр маусымдардың бірін бастан өткерді. 2024/25 жылғы маусымда «қызыл сойқандар» Премьер-лигадағы 37 тур қорытындысы бойынша 16-орында тұр және келесі маусымда бірде-бір еурокубокқа қатыса алмайды. Бұл – клуб соңғы рет еурокубоксыз қалған 2014/15 жылғы маусымнан бері алғашқы жағдай.

Жалпы алғанда, бұл маусым «Юнайтед» үшін тұрақсыздық, сенімсіздік пен үмітсіздіктің символына айналды. Клуб ішкі жарыстарда да, халықаралық деңгейде де сәтсіз өнер көрсетті. Травмалар, ойын үлгісінің болмауы, бапкерлік шешімдердің тұрақсыздығы мен трансферлік саясаттағы қателіктер – осының барлығы маусымның сәтсіз өтуіне себеп болды.

«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасындағы жеңіспен жағдайды түзеуге тырысқанымен, финалда «Тоттенхэмге» 0:1 есебімен есе жіберіп, соңғы мүмкіндігінен айырылды. Бұл маусымда «Юнайтед» «Тоттенхэмнен» төрт рет жеңіліп, жанкүйерлер үшін ауыр статистиканы арттырды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie