«Бұл – арманымдағы күн»: Сон Лига Еуропасындағы жеңіс жайлы
«Тоттенхэм Хотспур» шабуылшысы Сон Хын Мин клубының Лига Еуропасы финалындағы тарихи жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті.
Шешуші ойында лондондықтар «Манчестер Юнайтед» командасын 1:0 есебімен жеңіп, халықаралық деңгейдегі трофейді 17 жылдан кейін алғаш рет иеленді.
– «17 жыл бойы бұл жетістікке ешкім жете алмады. Бүгін мен осы керемет командаластарыммен бірге клуб аңызына айналған шығармын. Бұл – бала күнімнен армандаған сәтім. Бұл күн менің жүрегімде мәңгі сақталады. Қазір мен дүниедегі ең бақытты адаммын», – деп келтіреді BBC оңтүстіккореялық капитанның сөзін.
Сон Хын Мин – еурокубокта жеңіске жеткен еуропалық клуб капитаны атанған тарихтағы алғашқы оңтүстіккореялық футболшы. Ол 2015 жылдан бері «Тоттенхэм» сапында ойнап келеді және осы уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
Бұл жеңіс «Тоттенхэм» үшін 1984 жылдан бері алғашқы халықаралық табыс болып табылады және клуб тарихындағы қазіргі заманғы алғашқы еурокубок жеңісі саналады.