Ұлттар лигасындағы Нидерланд – Германия матчы. Онлайн көру
24 қыркүйекте «Йохан Кройф Арена» стадионында Ұлттар лигасының А тобындағы алғашқы тур аясында Нидерланд құрамасы Германия құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 23:45-ке жоспарланған. Ұлттық құрамалар арасындағы кездесудің тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Испаниялық бұрынғы «Барселона» жаттықтырушысы Хави Эрнандес үшін бұл кездесу «қызғылт сары» команданың тізгініндегі алғашқы ойын болмақ.
Ал Германия құрамасында да алғашқы матчын «Ливерпульдің» бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп өткізеді.
2026 жылғы әлем чемпионатында Нидерланд құрамасы Жапония, Тунис және Швециямен бірге F тобында бірінші орын алды. Алайда 1/16 финалда сол кездегі Рональд Куман шәкірттері Марокко құрамасына пенальти сериясында жол берді.
Германия құрамасы да E тобында Кюрасао, Эквадор және Кот-д’Ивуармен бірге топ жеңімпазы атанды. Алайда плей-оффтың алғашқы кезеңінде күтпеген жерден Парагвай құрамасына пенальти сериясында есе жіберді. Осыдан кейін Германия футбол одағы маман Юлиан Нагельсманнды қызметінен босатты.