«Тобылдың» бұрынғы легионері клубтан кеткеннен кейін де жалақы алған
«Тобылдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Виктор Брага Қостанай клубынан кеткеннен кейін де жалақы алып отырғанын Sports24.kz хабарлайды.
Бразилиялық хавбек «Тобыл» сапында 2025 жылғы маусымда өнер көрсетті. Transfermarkt мәліметінше, оның клубпен келісімшарты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды болған. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Брага еркін агент ретінде тіркелді.
Соған қарамастан, қолда бар ақпаратқа сәйкес, футболшыға төлемдер 2026 жылдың жазына дейін жалғасқан.
Шілде айында Брага мансабын ресми түрде Албанияның «Скендербеу» клубында жалғастырып, оған еркін агент ретінде ауысты.
2025 жылғы маусымда бразилиялық «Тобыл» сапында Қазақстан чемпионатында 24 матч өткізіп, бір гол соқты.
Еске салайық, бұған дейін Sports24.kz Қостанай клубы 2026 жылдың басында «Тобылды» еркін агент ретінде тастаған Николай Сигневичке де жалақы төлеуді жалғастырғанын хабарлаған еді.