locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алуа Балкибекова Қазақстанға Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жеңісті сыйлады

Әлем чемпионы Сакши Чаудхариді жеңді
Алуа Балкибекова Қазақстанға Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жеңісті сыйлады
ФОТО: instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Алуа Балкибекова 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастап, әйелдер құрамасы арасында Қазақстан қоржынына алғашқы жеңісті салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында екі дүркін әлем чемпионы Үндістан өкілі Сакши Чаудхаримен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бөлінген шешімімен Балкибекова жеңіске жетті – 3:2.

Ширек финалда Алуа Балкибекова Жапония өкілі Юна Нисинакамен кездеседі.

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан 11 салмақ дәрежесінің барлығында сынға түседі. Оның алтауы ерлер, бесеуі әйелдер арасында өтеді. Әйелдер құрамасында Алуа Балкибекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбикеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) өнер көрсетеді.

Графеева алғашқы жекпе-жегінде-ақ Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайбэй өкілі Линь Юй-Тинмен кездеседі. Қызайбай турнирдегі алғашқы кездесуін қытайлық Сюй Чжаомен өткізеді. Ал Әбикеева мен Богданова жарысты ширек финалдан бастайды.

Қазақстандық боксшылардың барлық жекпе-жектерінің толық кестесімен мына жерден танысуға болады.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының бокс турнирі 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie