32 жылдан кейін: қазақстандық Азиадада көптен күткен медальды жеңіп алды
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Милад Карими Аити–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық гимнаст спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша екінші орын алды.
Осылайша, Қазақстан 32 жылдан кейін алғаш рет осы дисциплинада Азия ойындарының күміс медалін қайта жеңіп алды. Соңғы рет қазақстандық гимнаст ерлер арасындағы еркін жаттығуларда Азиаданың екінші сатысына 1994 жылы Хиросимада көтерілген еді — сол кезде күміс жүлдегер Сергей Федорченко атанған.
Милад Карими үшін бұл еркін жаттығулардағы Азия ойындарының алғашқы медалі болды. 2018 жылы Джакартада өткен Азиадада ол осы дисциплинада бесінші орын алған еді.
Милад Карими — спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол Олимпиада ойындарын, әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда, ең ірі халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын бірнеше рет қорғады.