locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ұлттар лигасындағы Қазақстан – Фарер аралдары матчының бейнешолуы

Матч 1:1 есебімен тең аяқталды
Ұлттар лигасындағы Қазақстан – Фарер аралдары матчының бейнешолуы
ФОТО: КФФ

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С тобындағы алғашқы матчында Фарер аралдарымен тең түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Фарер аралдары құрамасы 14-минутта есеп ашты. Оки Самуэльсен Андриас Эндмундссонның қапталдан берген пасын бірден соққымен аяқтады.

Қазақстандықтарға есепті теңестіру үшін 11 минут қажет болды. Бауыржан Исламхан бұрыштама добын орындағаннан кейін Темірлан Ерланов әуедегі тартыста жеңіске жетіп, баспен допты қақпаға бағыттады.

Бейнешолу:

Ұлттар лигасының келесі турында Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі. Матч 29 қыркүйекте Кошице қаласында өтеді және Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie