locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өзбекстан мен Әзербайжан әлем чемпионатын қабылдайды: күндері аталды

20 жасқа дейінгі әлем чемпионаты 2027 жылғы 17 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді
Футбол
ФОТО: idman.biz

Өзбекстан мен Әзербайжан 20 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы футболдан әлем чемпионатын өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

22 қазанда Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Кеңесі Бюросының отырысы өтіп, онда FIFA U-20 әлем чемпионатының өтетін күндері ресми түрде жарияланды.

Өзбекстан мен Әзербайжандағы жарыс 2027 жылғы 17 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өтеді.

Әлем чемпионатына 24 құрама қатысады. Әзербайжан мен Өзбекстан турнирге қабылдаушы елдер ретінде жолдама алды, ал қалған командалар жарысқа іріктеу кезеңі арқылы қатысады.

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатының ресми бренді 16 қазанда таныстырылды. Жарыстың «Бұл ойын — сен үшін» (Bu oyun sənlikdir) деген ұраны футболдың жаңа жұлдыздарын өз есімдерін тарихқа жазуға шақырады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie