locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның бірден бес боксшысы әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды
Қазақстанның бірден бес боксшысы әлемдік рейтингте көш бастады
ФОТО: KBF

World Boxing ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде көшбасшылық орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасы әлемдік әуесқой бокстағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазіргі таңда бірден бес қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде әлем рейтингінің көшін бастап тұр.

Қазақстандықтар әлемдік бокстағы көшбасшылықты сақтап қалды

Жаңартылған рейтингте Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және Наталья Богданова (70 келіге дейін) бірінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар тағы бірнеше қазақстандық боксшы әлем рейтингінде екінші орынға көтерілді. Олардың қатарында Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) бар.

ФОТО: KBF

Қазақстан әлемдік рейтингтің үздік үштігіндегі орнын сақтады

Әлемнің үздік боксшылары қатарына Алуа Балқыбаева (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) енді.

ФОТО: KBF

Қазақстан құрамасы Қытайдағы әлем кубогына дайындалып жатыр

Ұлттық құраманың келесі ірі жарысы - Қытайдың Гуйянь қаласында өтетін әлем кубогының кезеңі болмақ. Турнир 15-21 маусым аралығында ұйымдастырылады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин жарысқа қатысатын құрамды жариялаған болатын. Тізімге тоғыз спортшы енді. Олардың төртеуі - қазіргі әлем чемпиондары: Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, Наталья Богданова және Алуа Балқыбекова.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie