Ламин Ямаль Чемпиондар лигасы матчі алдында Қазақстанға қатысты ыңғайсыз жағдайға қалды
«Барселона» мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының кезекті туры алдындағы жанкүйерлерге арналған жарнамалық акция кезінде географиялық қателік жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жарияланған видеода 19 жастағы футболшы көшеде өтіп бара жатқан адамдарға құлаққап таратып, «алтын билет» ойнатылатынын хабарлады. Билет иесі Чемпиондар лигасы матчына екі жолдама, сондай-ақ испаниялық футболшының қолтаңбасы қойылған бутсы алады.
Ұтыс жеңімпазы қай матчқа баратыны туралы сұраққа жауап берген Ямаль Қазақстанды бірнеше рет атап өтті.
«Егер бәрі менің қолымда болса, оларға Қазақстандағы матчқа билет беріп, сол жаққа жіберер едім. Қазақстандағы матчқа бара берсін. Қазақстандағы матчқа бара берсін», — деді Ламин Ямаль.
Алайда «Барселонаның» күнтізбесіне қарағанда, футболшы Қазақстанды Әзербайжанмен шатастырған. 25 қарашада каталондықтар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында Бакуде жергілікті «Қарабахқа» қарсы ойнайды. Матч Тофик Бахрамов атындағы Республикалық стадионда өтеді.