locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьтен ірі есеппен жеңілді

Қазақстандық футзалшылар алғашқы кездесудегі жетістігін қайталай алмай, қарсыласына төрт гол айырмасымен есе жіберді.
Футзал
Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьтен ірі есеппен жеңілді
Фото: КФФ

Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Беларусьтен ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу 10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні Словакияның Гуменне қаласында өтіп, Беларусь құрамасының 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Какау шәкірттері қарсылас қақпасына гол соға алмай, осы іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының топта бірінші орын алу жолындағы күресіне ауыр соққы болды.

Айта кетерлігі, 20 қазанда Астанада өткен алғашқы кездесуде Қазақстан 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол матчтың басты қаһарманы хет-трик жасаған Эдсон болды. Альберт Ақбаликов пен Лео Игита да бір-бір голдан соқты.

Қазақстанда жеңілгеннен кейін Беларусь құрамасы Албанияны ірі есеппен (8:2) ұтты, ал енді қазақстандықтардан сенімді түрде қарымта қайтарды.

Үш матчтан кейін Беларусьтің еншісінде алты ұпай бар. Қазақстан екі кездесуден соң үш ұпай жинады.

Қазақстан құрамасы келесі матчын 9 желтоқсанда Алматыда Албанияға қарсы өткізеді. Қарымта кездесу 2027 жылғы 2 наурызда өтеді.

Іріктеу топтарының жеңімпаздары 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі элиталық кезеңге тікелей жолдама алады. Екінші орын алған командалардың да әлем чемпионатына берілетін жолдама үшін күресті жалғастыру мүмкіндігі сақталады.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie