Джон ван ’т Схип Молдоваға қарсы матч алдында мәлімдеме жасады
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип оқу-жаттығу жиынының барысы туралы айтып, қарашада Молдова мен Словакияға қарсы өтетін ойындар алдындағы команданың турнирлік міндеттерін бағалады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Нидерланд маманы футболшыларға клубтық маусым аяқталғаннан кейін ойын ырғағына қайта оралу үшін уақыт қажет болғанын атап өтті.
Сондай-ақ Джон Кишиневке аттанар алдында оқу-жаттығу жиынын не себепті климаты жұмсағырақ Түркістанда өткізуді ұйғарғанын түсіндірді.
«Жақсы жұмыс істедік. Ең алдымен, мәселе алаң жабынында – Молдоваға қарсы сырт алаңда табиғи көгалда ойнаймыз, ал мұнда дәл сондай жабында жаттығуға мүмкіндік бар. Бұған қоса, мұндағы ауа райы Астанамен салыстырғанда жайлырақ, таңдауымызға басты себеп болған да осы. Қазір Молдоваға қарсы матч – ең маңыздысы. Жеңіске жетсек, екінші орын үшін күресуге мүмкіндік сақталады. Бұл футболшылардың жігері үшін өте маңызды, әрі жанкүйерлеріміз үшін жеңіске жетудің мәні зор», - деді Джон ван ’т Схип ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Еске салайық, 13 қарашада Қазақстан құрамасы Кишиневте Молдоваға қарсы сырт алаңда ойнайды, ал 16 қарашада Астанада топ көшбасшысы Словакияны қабылдайды.
Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында төрт турдан кейін Словакия 10 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейін Фарер аралдары мен Молдова (4 ұпайдан), ал екі ұпайы бар Қазақстан соңғы орында келеді.