locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Көптен күткен жеңіс: «Ақтөбе» «Туранды» ойсырата жеңіп, үздік үштікке оралды

«Ақтөбе» Түркістанда «Тұранды» ойсырата ұтып, үздік үштікке енді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Көптен күткен жеңіс: «Ақтөбе» «Туранды» ойсырата жеңіп, үздік үштікке оралды
ФОТО: Ақтөбе ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Ақтөбе» сырт алаңда «Тұранды» сенімді түрде жеңіп, маңызды үш ұпайға ие болды. Вячеслав Левчук шәкірттері ойын тағдырын алғашқы 15 минутта-ақ шешіп тастады.

Кездесудің 5-минутында Амаду Думбуя есеп ашты. Араға тоғыз минут салып, Данияр Үсенов есепті еселей түсті. Ал ойынның соңғы минутында Идрис Умаев пенальтиден мүлт кетпей, матчқа нүкте қойды.

ҚПЛ-2025. 14-тур
«Тұран» – «Ақтөбе» – 0:3 (0:2)
Голдар: Думбуя, 5 (0:1). Үсенов, 14 (0:2). Умаев, 90 (пен.) (0:3)

Бұл жеңіс «Ақтөбеге» 29 ұпай жинап, «Тобылдың» «Жеңіспен» өткен ойында сырғығанын пайдаланып, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілуге ​​мүмкіндік берді. Ал «Тұран» 11 ұпаймен 13-орынға сырғып, қауіпті аймақта қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie