locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чесноковтың пенальтиі «Тобылды» жеңілістен құтқарды

«Тобыл» мен «Жеңіс» Қостанайда тартысты тең нәтижеге қол жеткізді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Чесноковтың пенальтиі «Тобылды» жеңілістен құтқарды
ФОТО: Жеңіс ФК

ҚПЛ14-тур аясында Қостанайда өткен матчта «Тобыл» мен «Жеңіс» командалары 2:2 есебімен тең түсті. Елорда клубы алғашқы таймда екі доп басымдығымен алға шыққанымен, алаң иелері шабуылдағы көшбасшыларының арқасында таразы басын теңестіре алды.

Қонақтар белсенді ойынды бірден бастады. 16-минутта Адилио есеп ашса, араға тағы 15 минут салып Адиль таблодағы көрсеткішті 0:2-ге жеткізді. Дегенмен, үзіліске дейін Николай Сигневич бір голдың есесін қайтарды.

Екінші таймда «Тобыл» шабуыл қарқынын үдетіп, 76-минутта Ислам Чесноков пенальтиді мүлтіксіз орындап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

ҚПЛ – 2025. 14-тур
«Тобыл» – «Жеңіс» – 2:2 (1:2)
Голдар: Сигневич, 41 (1:2). Чесноков, 76 (пен.) (2:2) — Адилио, 16 (0:1). А. Адиль, 32 (0:2).

Бұл кездесуден кейін «Тобыл» 28 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орынға сырғыды, көшбасшы үштікке «Қайрат» пен «Ақтөбе» қайта оралды. Ал сырт алаңдағы тең нәтижесінің арқасында «Жеңіс» 14 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie