Вячеслав Левчук: Иығымыздан жүк түскендей болды – енді болашаққа сеніммен қараймыз
Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында сырт алаңда «Актөбе» түркістандық «Тұранды» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Кездесуден кейін команда бас бапкері Вячеслав Левчук ойынға қатысты пікірін білдірді.
– Ең бастысы – бүгінгі үш ұпай. Біз біраз уақыт бойы жеңіске жете алмай, нәтижеге байланысты қысымда болдық. «Актобе» секілді үлкен амбициясы бар клуб үшін нәтиже әрдайым бірінші орында. Бұл жолы сол қысымды еңсеріп, жағымсыз серияны тоқтатқаныма қуаныштымын. Енді болашаққа үмітпен қараймыз, – деді Левчук.
Маман сондай-ақ алдағы «Атыраумен» болатын ойынға да тоқталды:
– Қарсыласымыздың тізгінін қайта қолға алған бапкері бар, сонымен қатар тәжірибелі және шебер ойыншыларды қатарларына қосқан. Соңғы турда тең нәтиже көрсеткенімен, бұл шешуші фактор емес. Бір апта ішінде олар одан әрі үйлесе түсетіні анық. Сондықтан біз «Атырауға» да, Еуропа лигасына да тыңғылықты дайындалып жатырмыз.
«Тұраннан» алынған жеңіс «Актөбеге» 29 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Бұл ретте команда «Жеңіспен» кездесуде ұпай жоғалтқан «Тоболдан» алға шықты. Ал 11 ұпайы бар «Тұран» 13-орынға сырғып, әзірге төменгі лига аймағында қалып отыр.
Келесі, 15-тур аясындағы ойындар 4 және 5 шілдеде өтеді. «Туран» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды, ал «Актөбе» сырт алаңда «Атырауға» қарсы ойнайды.