Коке бірнеше аптаға қатардан шықты
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Атлетико" ойыншысы Коке "Сельтаға" қарсы матчта (1:1) оң аяғының бұлшық етін жарақаттап алып қалған еді. Оныншы минутта жарақат алып қалған капитанның орнына Лино шыққан болатын.
Осыған байланысты 3-4 апта ойнамайды. Тіпті наурыз айының соңына дейін оралмауы мүмкін екен.
Олай болса, Ла Лигадағы "Барселонаға" қарсы матчқа (16 наурыз) да қатыспай қалады. Испания кубогы аясында да өтетін каталониялық клубқа қарсы алғашқы матчқа да қатыса алмайды. Матч 26 ақпан күні "Барселона" алаңында өтеді. Ал қарымта матч 3 сәуір күнге жоспарланған.
33 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы осы маусымда барлық турнирлерде 35 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 2 голдық пас берген.