locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ. Барселонаның екі ойыншысы жарақат алып қалды

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
РЕСМИ. Барселонаның екі ойыншысы жарақат алып қалды
Фото: gettyimages

Испания чемпионатының 21-турын "Атлетико" өз алаңында "Барселонаны" қабылдады. Тартысты өткен матчта каталониялық клуб 2:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Аталған матчтан кейін "Барселонаның" екі бірдей ойыншысы жарақат алып қалғаны белгілі болды.

Оның бірі негізгі құрам ойыншысы Иньиго Мартинес. Қорғаушы тізесін жарақаттап алған. Осыған байланысты 2-3 аптаға алаңға шықпайды.

Екінші жарақат алған футболшы жартылай қорғаушы Марк Касадо. Ол тізе байламдарын зақымдап алған. Осыған байланысты екі айға жуық футбол ойнамайды. Одан да созылып кетуі мүмкін.

Испания құрамасына шақырту алған жартылай қорғаушының орнына Алейш Гарсия баратын болды.

Айта кетейік, жақында ғана каталониялық клуб Мартинеспен арадағы келісімшарт мерзімін тағы бір жылған ұзартқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie