Антуан Гризманн Ла Лигадағы ойын санына бойынша Мессимен теңесті
Бүгін түнде испания Ла Лигасының 28-ші турының орталық матчы мадридтік “Атлетико” мен “Барселона” арасында өтуде.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
“Атлетико Мадридтің” көшбасшысы Антуан Гризманн Испания чемпионатындағы өзінің 520-шы ойынын өткізіп, Лионель Мессидің ойын санымен теңесті. Қазір бұл көрсеткіш бойынша шетелдік ойыншылар арасында бірінші орынды бөлісіп отыр.
Ол сонымен қатар барлық Ла Лига ойыншыларының ондығына енді. Тізімді Примерада 622 ойын өткізген вингер Хоакин Санчес пен қақпашы Андони Субисарретабастап тұр.
Сондай-ақ оқыңыз: Реал Сосьедад бас бапкері матч кестесіне қатысты Ла лигамен дау дамайда Реалды қолдады