Атлетико - Барселона - 2:4. Барселонаның керемет камбэгі! Голдар және матчқа бейнешолу
Бүгін түнде испания Ла Лигасының 28-ші турының орталық матчы мадридтік “Атлетико” мен “Барселона” (2:4) арасында өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бірінші таймның ең соңында “Атлетико” Облактың пасынан кейін қарымта шабуылға шығып, нәтижесінде Альварес гол соқты. 70-минутта жылдам шабуылдан кейін Александр Сорлот гол соқты. Шабуыл кезінде Де Пауль қолымен ойнады, бірақ төрешілер тобының ұзақ талқылауынан кейін гол есептелді. 72-минутта каталондықтардың қорғаушысы Иньиго Мартинес Левандовскиге керемет пас жасады. Ұзақ ойланбастан, допты торға қадады. 78-минутта Ольмоның орнына алаңға шыққан Ферран Торрес Рафиньяның пасынан соң есепті теңестірді. Қосымша уақытта каталондықтар жеңісті жұлып алды. Алдымен Ямаль алыс қашықтықтан дәл маңдайшаның астына допты кіргізіп жіберді, одан соң Ферран Торрес дубль жасап есепті 2:4-ке жеткізді,
Ла Лига. 28-ші тур. 17 наурыз
Атлетико Мадрид - Барселона - 2:4 (жаңалық жаңартылуда…)
Голдар: Альварес, 45, Серлотт, 70 - Левандовски, 72, Торрес, 78, 90+8, Ямаль, 90+2.
Матчқа бейнешолу: