locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кім титулдық бәсекеде, кім ҚПЛ-да қалу үшін күресуде. Бірінші айналымның қорытындысы

Бірінші айналымның қорытындысы бойынша «Астана», «Қайрат» және «Ақтөбе» – үздік үштікте.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ҚПЛ-2025 бірінші айналымның қорытындысы
ФОТО: KFF

29 маусымда Қазақстан Премьер-Лигасының 14-турындағы соңғы матчтар өтті. Сонымен қатар бірінші айналым да аяқталды. Чемпионаттың экваторына жеткен сәттегі турнир кестесіне қысқаша шолу ұсынамыз.

Бірінші айналым қорытындысы бойынша көш басында – «Астана» клубы. Елордалық команда 15 матч өткізіп, 34 ұпай жинады (еурокубоктарға байланысты бір ойынды алдын ала ойнаған). Алайда 14-турда «Астана» «Қызылжарға» қарсы ойында 3:1 есебімен алда келе жатып, жеңісті уыстан шығарып алды. Солтүстікқазақстандықтар бес минут ішінде екі гол соғып, тең нәтиже тіркеді.

Екінші орында – алматылық «Қайрат». Команда 14-турда Шымкентте «Ордабасыны» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 18-минутта Жоржиньо соқты. Ойын соңында алаң иелері қарсылас екі ойыншысының (Глейзер мен Эдмилсон) алаңнан қуылуына қарамастан есепті теңестіре алмады. Бұл жеңістен кейін 15 ойын өткізген (еурокубоктарға байланысты бір матчты алдын ала ойнаған) «Қайрат» 33 ұпай жинап, «Астанадан» небәрі бір ұпайға қалып отыр. Ал «Ордабасы» 19 ұпаймен 7-орынға түсіп, жүлдеге таласу мүмкіндігін қиындатып алды.

Үшінші орында – 29 ұпаймен 15 ойын өткізген «Ақтөбе» (еурокубоктық ойын алдын ала ойнаған). 14-турда қызыл-ақ түстілер сырт алаңда «Туранды» 3:0 есебімен оңай жеңді.

Бұған дейін үшінші орында тұрған Қостанайдың «Тобылы» 14-турда күтпеген жерден ұпай жоғалтты. Елордалық «Жеңіспен» өткен үйдегі ойында 0:2 есебімен жеңіліп жатып, матчты 2:2 есебімен аяқтады. Қазір «ақ-жасылдарда» 13 ойыннан кейін 28 ұпай бар.

Бесінші орында – Семейлік «Елімай». Бірінші айналымның соңғы турында команда Қызылордада «Қайсарды» 2:1 есебімен жеңіп, ерік-жігер танытты. Қарсылас команданың бір ойыншысы екінші таймда алаңнан қуылды. «Елімай» сапынан тәжірибелі шабуылшы Роман Муртазаев дубль жасады.

Турнир кестесінің төменгі бөлігінде өмір сүру үшін күрес шиеленісе түсті. «Ұлытау» мен «Жетісу» арасындағы тікелей бәсекеде талдықорғандықтар жеңіске жетіп, 13 ұпаймен 10-орынға көтерілді. Бұл — «Жетісудың» маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы жеңісі. Бұған дейін олардың бір ғана жеңісі болған. Ал «Ұлытау» бұл жеңілістен кейін төрт ойындық жеңіліссіз сериясын үзіп, 12 ұпаймен қайтадан құлдырау аймағына түсіп қалды.

«Ұлытаудан» кейін 13-орында алты ойында қатарынан жеңілген «Туран» орналасқан. Турнир кестесінің соңында – «Атырау». Олар өз алаңында «Оқжетпеспен» 0:0 есебімен тең ойнап, маусымдағы бесінші ұпайын ғана еншіледі. Құтқарушы 11-орыннан 8 ұпайға қалып отыр.

Екінші айналым келесі аптада басталады. 5 шілдеде «Ақтөбе» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды. «Елімай» — «Тобыл» ойынын өткізеді. «Қайрат» өз алаңында легионерсіз қалған «Туранмен» кездеседі. Ал чемпионат көшбасшысы «Астана» сырт алаңда Талдықорғанда «Жетісуға» қарсы ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie