locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Екі ойыншысыз қалса да, «Қайрат» Шымкентте «Ордабасыдан» үш ұпай алды

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Екі ойыншысыз қалса да, «Қайрат» Шымкентте «Ордабасыдан» үш ұпай алды
ФОТО: KFF

29 маусым күні Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясындағы кездесуде чемпиондық үшін күресіп жатқан алматылық «Қайрат» Шымкентте «Ордабасы» командасын қабылдап, минималды 0:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз голды матчтың 18-минутында Жоржиньо соқты. Кейін екі команда да гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен, гол соға алмады. Кездесу соңында алматылық команданың екі ойыншысы бірінен соң бірі қуылды: Глейзер мен Эдмилсон.

Осыған қарамастан «Қайрат» жеңісті берік ұстанып, осы турдан кейін 33 ұпай жинап, көш басындағы «Астанадан» айырмасын бір ұпайға қысқартты.

Бұған дейін турдың тағы бір матчында ақтөбеліктер сырт алаңда «Тұраннан» сенімді түрде басым түсті – 3:0.

ҚПЛ-2025. 14-тур. 29 маусым.

«Ордабасы» - «Қайрат» 0:1 (0:1)

Гол: Жоржиньо 18.

Алаңнан қуылғандар: Глейзер, 80, Эдмилсон, 89.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie