«Кешірім сұрауы керек» - Фердинанд Португалия құрамасының жаттықтырушысына Роналдуға қатысты кеңес берді
Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы футболшысы Рио Фердинанд Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш пен Криштиану Роналду арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл туралы аты аңызға айналған ағылшын қорғаушысы өзінің Rio Ferdinand Presents YouTube арнасында айтты.
«Жаттықтырушы кешірім сұрауы керек, әйтпесе оны қызметінен босатады. Ол көпшілік алдында: «Тыңдаңыздар, мен жағдайды дұрыс бағаламадым», – деп айтуы керек. Мұның барлығын дұрыс коммуникация арқылы болдырмауға болатын еді. Егер қарым-қатынас дұрыс құрылғанда, бұл жағдай бұлай өрбімес еді деп ойлаймын. Криштиану Роналдумен отырып: «Менің жасағым келетіні – осы. Егер сен бұған қатысқың келмесе, маған айт. Бірақ мен бәрінің дәл осылай жұмыс істегенін қалаймын», – деу керек. Меніңше, ол әлі де командаға пайдасын тигізе алады. Мәселе оның негізгі құрамда шығуында ма, әлде қосалқы құрамнан алаңға шығып, ойынға әсер етуінде ме – осыны шешу қажет. Дәл осындай әңгіме болуы керек», - деді Фердинанд.
Роналдудың Португалия құрамасындағы жанжалы
Еске салайық, Ұлттар лигасының екінші турында Роналду жаттықтырушылар штабымен келіспеушіліктен кейін ұлттық құраманың орналасқан жерінен кетіп қалған. Жезуш 41 жастағы шабуылшыны Норвегияға қарсы матчта алаңға шығармады. Кейін ол футболшының келесі ойында да қосалқы құрамда қалуы мүмкін екенін айтты.
Кейін жаттықтырушы Роналду үшін ұлттық құрама есігі әрдайым ашық екенін мәлімдеді. Алайда Жезуш футболшыдан кешірім сұрауды қажет деп санамайтынын жеткізді.
Роналдусыз Португалия құрамасы Ұлттар лигасында үш матчтың барлығында жеңіске жетіп, өз тобында көш бастап келеді. Ал Криштиану «Аль-Наср» сапына оралып, клубпен бірге жаттығуға кірісті.
Үнсіздігін бұзды: Роналду Жезушті уәдесін бұзды деп ресми түрде айыптады