locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

150 спортшы Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын қорғайды

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтетін жарыста спорттың 12 түрінен бақ сынайды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
150 спортшы Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын қорғайды
ФОТО: instagram.com/aianskiy/

Қазақстан құрамасының 150 спортшысы 18-24 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандықтар спорттың 12 түрінен медаль үшін бақ сынайды. Олар отырып ойнайтын волейбол, пара таэквондо, пара дзюдо, пара үстел теннисі, пара оқ ату, пара жеңіл атлетика, пара садақ ату, пара жүзу, арбадағы теннис, пара пауэрлифтинг, бочча және пара велоспорттан жарысқа қатысады.

Құрама сапында ең көп спортшы пара дзюдодан өнер көрсетеді - 26 адам. Тағы 21 қазақстандық пара жүзуден, 15 спортшы пара пауэрлифтингтен, 14 спортшы пара жеңіл атлетикадан сынға түседі.

Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін алғашқы жарыстар 16 қазанда басталады. Бұл күні пара үстел теннисінен жекелей сайыстар өтеді. Ойындардың ресми ашылу салтанаты 18 қазанда Нагоядағы «Мидзухо» стадионында ұйымдастырылады.

V Азия Пара ойындарына 45 елден шамамен 4000 спортшы қатысады. Спорттың 18 түрінен барлығы 502 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан Азия Пара ойындарына 2010 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық спортшылар 105 медаль жеңіп алды: 20 алтын, 35 күміс және 50 қола.

2023 жылы Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, 41 медаль иеленді. Оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль бар.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie