locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қызыққа толы тарихтің беті жабылды. Томас Мюллер маусымнан кейін «Бавариядан» кететінін хабарлады

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қызыққа толы тарихтің беті жабылды. Томас Мюллер маусымнан кейін «Бавариядан» кететінін хабарлады
ФОТО: Getty images

Мюнхендік «Баварияның» символына айналған Томас Мюллер биылғы маусым аяқталғаннан кейін клубтан кететінін ресми түрде хабарлады. Аңыз футболшы бұл шешім өзінен емес, клуб басшылығынан шыққанын ашық айтты.

«Қанша жыл өтсе де, алаңға шығу, командамен бірге титул үшін күресу маған әлі де үлкен ләззат сыйлайды. Келесі маусымда да осы рөлде қалуға толық дайын болдым. Алайда, клуб келесі маусымға жаңа келісімшарт ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім менің жеке қалауыммен сәйкес келмесе де, олардың көзқарасына құрметпен қараймын»,— деді Мюллер.

Томас Мюллер «Бавария» академиясының түлегі. Ол 2008 жылы негізгі құрамда дебют жасап, содан бері 742 ойын өткізіп, 237 гол соқты және 32 трофейге қол жеткізді. Оның жетістіктері қатарында 2 рет Чемпиондар лигасын, 12 рет Германия чемпионатын жеңіп алғаны бар.

Сондай-ақ, Мюллер 2014 жылы Германия құрамасы сапында әлем чемпионы атанды және 2010, 2014 жылғы әлем чемпионаттарында үздік сұрмергендердің бірі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie