locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Иран құрамасына ӘЧ-2026 кезінде АҚШ-та қалуға тыйым салынды

Иран құрамасы әлем чемпионаты кезінде Мексикада тұратын болды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Иран құрамасына ӘЧ-2026 кезінде АҚШ-та қалуға тыйым салынды
ФОТО: Getty images

Иран құрамасына әлем чемпионаты-2026 кезінде ойын күндерінен тыс уақытта АҚШ аумағында болуға тыйым салынды, деп хабарлайды Sports24.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Иран құрамасы мундиальға қатысу құқығын алғанымен, турнир алдындағы дайындық команда үшін қиындықпен басталды.

Иран делегациясында виза мәселесі туындады

Қазіргі таңда Иран құрамасы Мексиканың Тихуана қаласына орналасқан. Команда әлем чемпионаты кезінде дәл осы жерде базасын құрмақ.

Алайда делегация мүшелерінің бір бөлігі АҚШ визасын ала алмады.

Ирандық БАҚ мәліметінше, АҚШ-қа кіруге рұқсат берілмегендердің қатарында Иран футбол федерациясының президенті мен оның орынбасары да бар. Жалпы саны - 15 адам.

Футболшылардың өздері виза алғанымен, федерация қазір ФИФА арқылы қалған делегация мүшелерін де елге кіргізуге тырысып жатыр.

Иран құрамасына АҚШ-та түндеуге рұқсат берілмейді

Мексикадағы Иран елшісінің айтуынша, команда АҚШ-қа тек матч өтетін күні ғана ұшып бара алады.

Ойын аяқталған соң ирандық футболшылар бірден Мексикаға қайта оралуы тиіс. АҚШ аумағында түндеуге рұқсат берілмейді.

Америка тарапы мұндай шектеулерді қауіпсіздік талаптарымен түсіндіріп отыр.

Иран ӘЧ-2026 турнирінде кімдермен ойнайды

Иран құрамасы топтық кезеңдегі барлық матчтарын АҚШ-та өткізеді.

Команда Лос-Анджелесте Жаңа Зеландия және Бельгиямен кездессе, Сиэтлде Мысырға қарсы ойнайды.

Еске салайық, әлем чемпионаты-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир тарихында алғаш рет мундиальға 48 құрама қатысады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie