locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Иран құрамасы әлем чемпионаты матчтарын тоқтатумен қорқытты: бұл сценарийге бір шарт бар

Ресми емес тулар немесе Иранға қарсы ұрандар — матчтардың өтуіне қатаң тыйым
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Иран құрамасы әлем чемпионаты матчтарын тоқтатумен қорқытты: бұл сценарийге бір шарт бар
ФОТО: Getty Images

Әлем чемпионатының ең күрделі қатысушыларының бірі – Иран құрамасы, ол мундиальге қатысуына кепілдік беру үшін жаңа шарт қойды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Спорт министрі Ахмад Доньямали мәлімдеді: егер трибуналарда қазіргі Иран мемлекеті мойындамайтын тулар немесе оған қарсы ұрандар пайда болса, ұлттық құрама матчты біржақты түрде тоқтататынын жеткізді:

«Біз ФИФА-ға хабарладық: Иран қатысатын әлем чемпионаты матчтары өтетін стадиондарда ресми емес тулар көтерілсе немесе ұлттық құрамаға қарсы ұрандар айтылса, команда басшысы матчты тоқтату жауапкершілігін міндетті түрде өз мойнына алады».

Доньямали сонымен қатар, Иран мен Египет арасында Сиэтлде өтуі тиіс «мақтаныш матчы» туралы тоқталды. Ол бәрі олардың күткеніндей өтетініне сендірді:

«Египетке қарсы матчта стадионда тәртіпті бұзатын ешқандай оқиға болмайтынына бізге кепілдік берілді», — дейді Доньямалидің сөзін Reuters келтіреді.

Еске салайық, сәуір айында Ванкуверде өткен ФИФА Конгресі маңында жиналған наразылық білдірушілер Иранды турнирден шеттетуді талап еткен еді, олар ұлттық құраманың иран халқын емес, Ислам революциясы сақшылары корпусының мүддесін қорғайтынын мәлімдеді.

Фото: Getty Images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie