locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Азия триатлон чемпионатында екі алтын алды

Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова Қытайда өз жас санаттарында үздік атанды
Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Фото: olympic.kz

Қазақстанның триатлон құрамасы Сюйчжоуда өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды: жеңімпаз атанғандар — Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қытайдың Сюйчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық триатлоншылар жарқын ойын көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына бірден екі алтын медальды Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова салды.

Айнегов U17 жас санатында үздік атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы 00:25:49 нәтижесімен мәреге бірінші болып жетіп, тұғырдың биік сатысына көтерілді.

Қазақстанға тағы бір алтынды Ясмина Бузуртанова сыйлады. Ол 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп, 00:30:56 уақытымен мәреге жетті.

Азия чемпионаты қазақстандық команда үшін мұнымен аяқталмайды. 14 маусымда эстафеталық дисциплиналарда медальдар сарапқа салынады.

Айта кетейік, биылғы наурызда Қазақстан құрамасы триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған болатын. Қытайдағы бұл жаңа нәтиже қазақстандық спортшылардың құрлықтық деңгейде үнемі жоғары орындар үшін күресіп жүргенін тағы да дәлелдеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie