Олимпиада чемпионы, NBA жұлдызы қару ұстағаны үшін тұтқындалды
NBA-ның жұлдызды қорғаушысы және АҚШ құрамасы сапында Олимпиада чемпионы атанған Джеймс Харден тағы да даудың ортасында қалды. Танымал баскетболшы Техас штатында заңсыз қару ұстау ісі бойынша тұтқындалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Олимпиада чемпионы Джеймс Харден Техаста тұтқындалды. TMZ мәліметінше, оның ұсталуына себеп — заңсыз қару ұстау болған.
Тексеру барысында баскетболшының көлігінен тапанша табылғаны белгілі болды. Алдын ала ақпарат бойынша, қару ашық жерде, кобурасыз жатқан.
Ұсталғаннан кейін Харден кепілдікпен босатылды. Дегенмен, іс бойынша тергеу жалғасуда: сот отырысы 22 маусымға белгіленген.
Харден үшін бұл оқиғаның қандай салдары болатыны әзірге белгісіз. Істі сот қарайтын болады, онда барлық мән-жай анықталады.
Бұл оқиға баскетболшының NBA-дағы мансабы жалғасып жатқанда жағымсыз ақпараттық соққы болды. Харден өз буынының ең танымал ойыншыларының бірі болып қала береді, сол себепті оның тұтқындалғаны жайлы жаңалық америкалық БАҚ назарын бірден аударды.
Джеймс Харденге 36 жас. Ақпан айының басында қорғаушы «Лос-Анджелес Клипперс» құрамынан «Кливленд Кавальерс» клубына ауысты.