locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хаби Алонсо «Челсиде» екі жұлдызды сақтап қалмақ

Жаңа бапкер негізгі ойыншылармен келіссөз өткізуді жоспарлап отыр
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

«Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо команданы басқаруға дайындалып жатыр және бірқатар жұлдызды ойыншылардың болашағына қатысты шешім қабылдап үлгерді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Джек Россердің ақпаратына сәйкес, испаниялық маман Энцо Фернандесті клубта қалдыруға бел буып отыр және жартылай қорғаушыны жеке өзі алып қалуға тырысады. Сондай-ақ, Алонсо Марк Кукурельямен де осыған ұқсас келіссөздер жүргізіп, қорғаушының келесі маусымда «Челсиде» ойнауын қамтамасыз етпек.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» пен «Манчестер Сити» Кукурелья үшін күреске қосылғаны айтылған еді. Хабарларға қарағанда, «Челси» испаниялық қорғаушыны шамамен 50 миллион еуроға бағалап, Еуропаның бірнеше алпаут клубтарының назарын тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Роман Абрамовичтің досы Дастан Сатпаевтың «Челсиге» трансферіне қатысты ақиқатын ашқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie