locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА «Қызылжар» клубының трансферлік банын алып тастау үшін екі шарт қойды

Айыппұл төлеу — жалғыз талап емес
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФИФА «Қызылжар» клубының трансферлік банын алып тастау үшін екі шарт қойды
ФОТО: «Кызылжар»

27 мамырда «Қызылжар» ФИФА тарапынан футболшыларды тіркеуге мерзімсіз тыйым салынды. Енді әлемдік футболдың басты органы бұл шешімнің мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

ФИФА сайтындағы құжатқа сәйкес, клуб FIFA Clearing House (солидарлық төлемдерді бақылау жүйесі) арқылы тексеруден өте алмаған. Соның салдарынан футболшыларды тіркеуге тыйым салынып қана қоймай, үш мың доллар көлемінде айыппұл да салынды.

Бан алынып тасталуы үшін тек айыппұлды төлеу жеткіліксіз – клуб FIFA Clearing House тексеруінен де сәтті өтуі қажет. Мәселен, дәл осы тексеріс болмағандықтан, 2024 жылы петропавлдық клуб үшін өнер көрсеткен босниялық Андрия Дрльоға қатысты солидарлық төлем тоқтатылған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie