ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне алты үміткерді анықтады
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне алты үміткерді анықтады. Жаңартылған тізімге төрт отандық маман мен екі шетелдік бапкер енді, деп хабарлайды Sports24.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық бапкерлер арасынан бос қызметке Владимир Чебурин, Нұркен Мазбаев, Григорий Бабаян және Қайрат Нұрдәулетов үміткер болып отыр.
Шетелдік мамандар тізіміне португалиялық Паулу Бенту мен австралиялық Кевин Мускат енді.
Бұған дейін ҚФФ-ның бастапқы қысқа тізімінде жеті маман болғаны хабарланған еді. Шетелдік үміткерлер қатарында француз-марокколық бапкер Валид Реграги де болған, алайда жаңартылған тізімде оның есімі жоқ.
Жаңа бапкерді іздеу нидерландтық Джон ван ’т Схип қызметінен кеткеннен кейін басталды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының С дивизионында алты матч өткізіп, бірде-бір рет жеңіске жете алмады.
Команда үш рет тең түсіп, үш рет жеңіліс тапты да, Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары бар топта соңғы орын алды.